САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ
Өмір салтын өзгерту – терапияның маңызды сәттерінің бірі. Мұны қалай тиімді жасау керектігін шизофрениямен ауыратын адамдар мен олардың жақындары да білуі керек.

7 КЕҢЕС

Ремиссия кезінде де, өршу кезеңінде де салауатты өмір салты принциптерін ұстану маңызды. Соңғы жағдайда туыстары мен жақындарының көмегінсіз жасай алмайды.
№1 кеңес. Ұйқыны қандыру

Ұйықтау -ояу жүру режимін қалыпқа келтіру адамды стресстің әсеріне барынша төзімді етеді. Шаршау күшейген кезде шизофрения симптомдарын бақылау қиынға соғады. Ұйқының сапасын жақсарту үшін …
  • Күн тәртібін ұстану, күн сайын ұйықтауға жату және бір уақытта ояну маңызды.
  • Ұйықтар алдында демалуды үйреніңіз: тыныс алу жаттығуларын жасаңыз, тыныштандыратын музыканы тыңдаңыз.
  • Ұйықтар алдында бірнеше сағат бұрын гаджеттерді пайдаланбаңыз. Экраннан шыққан жарық ұйықтау процесін бұзуы мүмкін.
  • Күні бойы жинақталған шиеленістен арылыңыз: проблемаларды қағазға жазуға болады, жақын адамыңызбен сөйлесіңіз.
№2 кеңес. Денеге күтім жасау

Теңдестірілген тамақтану және тұрақты физикалық белсенділік жүрек-қантамыр мен эндокриндік аурулардың даму қаупін азайтуға қабілетті. Тамақтану уақытын өткізіп жіберуге немесе ашығуға болмайды. Қандағы глюкоза деңгейінің күрт өзгеруі психозға түрткі болуы мүмкін.

Сондай-ақ, Меган Ароллдың бірлескен авторлармен жүргізген зерттеуі глютенді тұтынуды азайту шизофрения симптомдарының ауырлығын төмендетуге қабілетті екенін көрсетті (қосымша зерттеулер қажет). Науқастарға С және Е дәрумендері пайдалы.

Тұрақты физикалық жүктеме шизофрениямен ауыратын адамдардың өмір сүру сапасын жақсартатыны дәлелденген. Спортпен шұғылдану гиподинамияның салдарын жоюға мүмкіндік береді, мидың жұмысын көтермелейді (ми жасушаларын қалпына келтіру, ойлау процестерін ынталандыру, есте сақтау қабілетін жақсарту, зейінді шоғырландыру), жаман әдеттерден тезірек арылуға мүмкіндік береді.
№ 3 кеңес. Темекіні тастаңыз

Темекі шегушілер жүрек-қантамыр аурулары туындауының қауіп тобында болады: инсульт, инфаркт. Әдеттен бас тарту қиын, бірақ қажет. Психикалық денсаулық жақсарады. Бірақ, психозға қарсы препараттарды қабылдау аясында тек емдеуші дәрігер кеңес бергеннен кейін және соның бақылауымен темекіні тастау керек.
№4 кеңес. Есірткісіз және алкогольсіз өмір

Көбінесе шизофрения симптомдарын жеңілдету үшін науқастар есірткі немесе алкоголь қабылдай бастайды. Бірақ ұзақ мерзімді перспективада бұл қауіпті. Психоактивті заттар шизофрения ағымын қиындатады. Алкогольге тәуелділік депрессияны тудырады, психоздық көріністің даму ықтималдығын арттырады, есірткі шизофрения симптомдарын ушықтырады. Алкоголь мен есірткіні снтипсихотиктермен емдеумен біріктіру өмірге қауіп төндіреді.
№5 кеңес. Эмоцияларды басқару

Шизофрения симптомдары көбінесе науқас адамда да, оның жақындарында да үрейлену пен стресстің туындауына түрткі болады. Шиеленісті жеңу үшін өмір қарқынын төмендетіп, істер санын азайту керек. Релаксация техникаларына уақыт бөлу немесе көбірек жүру немесе бассейнге жазылу керек.
№6 кеңес. Қарым-қатынас

Туыстар мен достар арасындағы сенімді қарым-қатынас аурудың ауыр көріністерін жеңуге көмектеседі. Оқшаулау шизофрения ағымын ушықтырады. Әлеуметтік желілерде мамандандырылған топтардан көмек алуға болады.
№7 кеңес. Отбасылық қарым-қатынастарды нығайту

Шизофрениямен ауыратын пациенттердің мәліметтер базасын талдау отбасын қолдау рецидивтің алдын алуда, емдеу нәтижелерін жақсартуда және ауруханаға жатқызуды азайтуда өте маңызды екенін көрсетеді. Бірақ көбінесе эмоционалды және физикалық жүктеменің жоғарылауына байланысты науқасқа күтім жасайтындар әл-ауқаттың нашарлауына шағымданады: ұйқының бұзылуы, депрессия, үрейлену. Шизофрениямен ауыратын адамның туыстары мен жақындарына салауатты өмір салтын ұстану да маңызды. Арнайы психологиялық және әлеуметтік қолдау бағдарламалары да көмектесуі мүмкін.