Бейімделуге көмектесіңіз. Жақын адамыңызға жаңа жағдайларға бейімделуге көмектесіңіз және оларды ескере отырып, адамдармен қалай жақсы қарым-қатынас жасау керектігін және егер ол еңбекке қабілетті болса, тіпті жұмыс істеуді айтыңыз.
Жүктемені реттеңіз. Пациенттің қарым-қатынас шеңберін, қызығушылықтарын кеңейтуге және әртараптандыруға тырысыңыз. Бұл ретте үй тапсырмасын орындау кезінде жауапкершілік пен физикалық жүктеме деңгейін біртіндеп азайтыңыз (үй тазалау, кір жуу, дүкенге бару). Мысалы, пациент бұрын бүкіл пәтерді тазалауға жауапты болған, ал қазір тек өз бөлмесі үшін.
Пациенттің еңбекке қабілеттілігін оның емдеуші дәрігері және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы айқындайды.
Егер тікелей сұрақ болмаса, пациентке өзінің ауруы туралы достарына немесе таныстарына айтпауға кеңес береміз.
Таныс немесе бейтаныс адамдардың оғаш, сыни қарайтын көзқарастарына назар аудармау керек екенін түсіндіріңіз.
Әлеуметтік өмірді жалғастыру мүмкіндігі клиникалық көрініске және аурудың ағымына байланысты болуы мүмкін:
Қолайлы тенденцияда пациент көп жағдайда "ауруға дейінгі" деңгейде әлеуметтік белсенділікке қайта оралуы мүмкін.
Ауру қайталанған, жиі өршіген кезде немесе емдеудің жеткіліксіз тиімділігі кезінде туысқаныңызбен жаңа іс түрін талқылауға және ойлап табуға тырысыңыз.
Мысалы:
- толық емес жұмыс
- елеусіз ақыл-ой және физикалық жүктемесі бар жұмыс
- жұмысты хоббиге ауыстыру