CIЗ ЖАЛҒЫЗ ЕМЕССIЗ
Дүние жүзінде 20 миллионнан астам адам шизофрениямен ауырады. Бұл сайт осы ауру туралы хабардарлықты арттыруға арналған.

Мұнда сіз жақын адамыңызға олардың өмірін жақсартуға және шизофрениямен байланысты күнделікті қиындықтарды жеңуге қалай көмектесуге болатыны туралы ақпаратты таба аласыз.

“Gedeon Richter KZ” ЖШС (Гедеон Рихтер КЗ) қолдауымен әзірленген

ШИЗОФРЕНИЯҒА ЗАМАНАУИ КӨЗҚАРАС

Соңғы онжылдықтарда адамзат шизофренияның себептерін түсінуде, сондай-ақ оны емдеудің тиімді әдістерін әзірлеуде айтарлықтай дамыды.
Белгіленген емдеуді ұстанатын науқастардың көпшілігінде жағдайдың жақсаруы байқалады. Олардың көпшілігі тәуелсіз өмір салтын ұстануға, қоғамда жұмыс істеуге және қарым-қатынас жасауға қабілетті.

Шизофренияны толық емдеудің жолы болмаса да, генетика, мінез-құлықты зерттейтін ғылым және нейробейнелеу саласындағы заманауи зерттеулер инновациялық терапияның пайда болуына үміт арттырады. Бұл әдістер шизофрениямен ауыратын адамдарға белсенді және толыққанды өмір сүруге мүмкіндік береді.

ЕМДЕУ ЖӘНЕ ДИАГНОСТИКА

Қазіргі клиникалық нұсқауларға сәйкес, жедел психоздың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін «шизофрения» диагнозын қою мүмкін емес. Бірақ продромальды кезеңде аурудың көріністерін диагностикалау емдеуді ерте бастау үшін өте маңызды.

Шизофренияның алғашқы белгілерін анықтаған кезде жағымсыз факторлардың әсерін азайтуға тырысуға болады.
ШИЗОФРЕНИЯ ТУРАЛЫ АҢЫЗ ЖӘНЕ ШЫНДЫҚ
«ДИАГНОЗ - ҮКІМ ЕМЕС»
 Ботагөздің тарихы. Диагнозы 1994 жылы қойылды
«МЕН ДЕ СІЗДЕР СИЯҚТЫМЫН»
Екатеринаның тарихы. Диагнозы 1985 жылы қойылды
"Зеркало разума" мультфильмінде бас кейіпкер Аян шизофренияның шым-шытырқ әлемін шарлап, ішкі жындары мен қиялдарын көреді. Бұл көркем суреттеу қиын кезде өзіңді қабылдап, демеу табудың маңыздылығын көрсетеді.